12 мамырда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

12.05.21 16:55
/KASE, 12.05.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-084 1-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 99,9612 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,40%) белгілеп, 14 067 076 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердің орташа сараланған таза бағасы номиналдан 99,9646 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,40%). KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 100,4 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 14 184 010 433,2 теңге. KASE сауда-саттық жүйесінде сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Алматы уақытымен аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүргізілді. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1458919/ мекен жайында жарияланды. [2021-05-12]