06 мамырдан бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ XS2337670421, US25159XAC74 (BRKZe11) және XS2337670694, US25159XAD57 (BRKZe12) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

06.05.21 17:10
/KASE, 06.05.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2020 жылдың 12 сәуірінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. - XS2337670421, US25159XAC74 (100,0 млрд теңге, 06.05.21 – 06.05.26, жартыжылдық купон, купондық мөлшерлеме жылдық 10,95 %; 30/360); - XS2337670694, US25159XAD57 ($500,0 млн, 06.05.21 – 06.05.31, жартыжылдық купон, купондық мөлшерлеме жылдық 2,95 %; 30/360). Басқарманың осы шешімі 2021 жылдың 06 мамырынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың төлем агенті Deutsche Bank AG, London Branch, тіркеушісі – Deutsche Bank Luxembourg S.A. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) BRKZe11 және BRKZe12 сәйкесінше берілді. Аталмыш облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/BRKZ/ сілтемесі бойынша жарияланады. [2021-05-06]