Биржалық симулятор: 01 сәуірден 05 мамырға дейін сауда-саттық көлемі 5,1 млрд теңгеге жетті

06.05.21 14:43
/KASE, 06.05.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырына дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде. Байқаудың бір аптасы аралығында (01 -05 мамыры аралығында) сауда- саттық көлемі 5 059 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 210 млн теңгеден асты. Төмендегі кестеде 2021 жылдың 01 сәуірінен 05 мамыры аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген: ---------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге коды саны ------------ --------- ----------------- BAST 82 17 489 997,47 CCBN 363 88 908 790,75 FFIN_or 280 114 449 291,36 GB_KZMS 1 039 722 730 978,10 HSBK 823 637 892 823,57 IE_FXBF 195 57 681 626,65 KCEL 319 87 869 117,51 KEGC 287 56 406 891,84 KZAP 1 109 879 582 734,69 KZTK 722 531 930 469,58 KZTO 538 129 962 621,40 NL_YNDX 322 209 663 728,51 RU_AFLT 285 199 841 944,64 RU_GAZP 355 67 756 735,73 RU_NLMK 195 55 793 136,32 RU_RTKM 124 9 544 820,44 RU_SBER 458 113 884 668,57 RU_UKFFipo 201 13 615 297,32 RU_VTBR 116 7 557 846,13 US_AAPL 584 391 082 635,85 US_BAC_ 378 114 977 302,02 US_FRHC 450 265 995 274,12 US_INTC 190 66 289 216,62 US_KO__ 133 28 780 597,16 US_PFE_ 167 38 264 125,48 US_SPY_ 224 90 941 350,53 US_XOM_ 193 60 116 428,60 ------------ --------- ----------------- Барлығы 10 132 5 059 010 450,96 ---------------------------------------- Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 800 және 1 903 млн теңге. Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 40-тан астам оқу орындарының 1 860 студенті тіркелді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. [2021-05-06]