"Қазақтелеком" АҚ жалғыз акционері 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

05.05.21 18:14
/KASE, 05.05.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2021 жылдың 30 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - Компанияның 2020 жылға қаржылық есептілігі (шоғырландырылған және жеке) бекітілсін; - компанияның 2020 жылға таза табысы келесі тәртіпте бөлінсін: - 63 493 359 000 теңгесі компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын; - Қалған бөлігі компанияның иелігінде қалдырылсын; - дивиденд көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға 730,88 теңге көлемінде бекітілсін. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_annual_shareholders_meeting_results_30 0421_4057.pdf [2021-05-05]