05 мамыр күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 12-ші шығарылымын (KZKD00000840, MUM180_0012) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

05.05.21 17:50
/KASE, 05.05.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 12-ші шығарылымын (KZKD00000840, MUM180_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 84,2850 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,50%) белгілеп, 4 890 689 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 84,5521 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,45%) KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 48,9 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 4 230 124 605,4 теңге. Алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жйүесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 12-ші шығарылымын (KZKD00000840, MUM180_0012)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1458613/ мекен жайында жарияланды. [2021-05-05]