/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2021 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

04.05.21 09:00
/KASE, 04.05.21, 27.04.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2021 жылдың мамыр айына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын (әрі қарай – Бағалы қағаздардың тізімі) қалыптастырды. Аталмыш тізімдер Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2021 жылдың 23 сәуіріндегі шешімі негізінде бекітілді және KASE ішкі құжаттарының нормаларындағы бағалы қағаздарды пайдалану мақсатында қалыптастырылды. Өтімділігі бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне бағалы қағаздардың 34 атауы енгізілді, бұл тізім 2021 жылдың 01 мен 31 мамыры аралығында қолданыста болады. Қолданыстағы өтімділігі бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізімі 2021 жылдың сәуір айына қалыптастырылған тізіміне енгізілгендер: 1) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ЖЗИҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) үлеспұлдары. 2) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF үлеспұлдары. 3) "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ жай акциялары базалық активтері болып табылатын US46627J3023, US46627J2033 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, HSBKd) жахандық депозитарлық жазылым; 4) "ForteBank" АҚ KZ000A0F4546 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ASBN) жай акциялары; 5) "Магнит" БАҚ RU000A0JKQU8 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RU_MGNT) жай акциялары; 6) Ford Motor Company US3453708600 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_FORD) жай акциялары; 7) "Кселл" АҚ жай акциялары базалық активтері болып табылатын US48668G1067 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, KCELd) жахандық депозитарлық жазылым; 2021 жылдың сәуір айына қалыптасқан өтімділігі бірінші кластағы қолданыстағы тізіммен жай акциялар шығарылды: 1) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акциялары базалық активтері болып табылатын US63253R2013 (KZAPd), KZ1C00001619 (KZAP) жахандық депозитарлық жазылым; 2) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, US_XOM_) жай акциялары; 3) "First Heartland Jysan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ЖЗИҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) үлеспұлдары. 2021 жылдың мамыр айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. 2021 жылдың сәуір айындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_feb.pdf жарияланады. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-05-04]