04 мамырдан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигациялары бойынша эмитент ауыстыру жүргізіледі

30.04.21 16:27
/KASE, 30.04.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 04 мамырынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен мәліметтер базасында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ келесі облигациялары бойынша ақпараттар өзгертілді: - KZ2C00002988 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb2); - KZ2C00003226 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb3); - KZ2C00003812 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb4); - KZ2C00003820 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb5); - KZ2C00004323 ((KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb6); - KZ2C00004547 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZAGb7). Аталмыш облигациялардың қолданыстағы сауда-саттық коды өзгермейді. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінде 2021 жылдың 27 сәуірінде тіркелген, "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулердің көшірмесін үсынды, сондай-ақ "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен эмитенттің атауы өзгеруіне байланысты, бұрын берілген бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ұсынылды, ол интернет-сайте KASE – https://kase.kz/ru/issuers/BTRK/y2021g2 мекен-жайында орналастырылған. 2021 жылдың 04 мамырынан бастап KASE 2021 жылдың 25 наурызынан бастап тоқтатылған аталмыш облигациялармен сауда -саттық жаңартылады. Бұрны осы тақырыпта 2021 жылдың 25 наурызында "25 наурыздан бастап Қазақсан қор биржасында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ алты шығарылымы облигацияларының сауда-саттығы тоқтатылды" атты KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/ru/news/show/1455415/ [2021-04-30]