"Кселл" АҚ 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларына қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

30.04.21 12:12
/KASE, 30.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Кселл" акционерлік қоғамы (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстан телекоммуникациялық нарығында жетекші оператор, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларына аралық жұмыс қорытындысы туралы жариялады. - Сатудың таза көлемі 9,9 пайызға өсіп, 44 016 млн. теңгені (40 062) құрады. Қызметтен түскен кірісі 3,4 пайызға дейін өсіп, 35 802 млн. теңгені құрады (34 620), off-net bulk sms есептемегенде өсім 7,6 пайызды құрады. - EBITDA көрсеткіші, бір жолғы шығынды ескермегенде 21,3 пайызға өсіп, 19 421 млн. теңгені құрады (16 007). EBITDA бойынша рентабельділігі 44,1 (40,0) пайызды құрады. - Бір жолғы шығынсыз операциялық табысы 44,4 пайызға артып, 11 770 млн. теңгені құрады (8 149). - Қаржыландыруға кеткен таза шығын 6,4 пайызға азайып, 2 223 млн. теңгені (2 374) құрады. - CAPEX-тің сатуға қатынасы 6,3 пайызды (6,5) құрады. - Еркін ақша құралдарының ағымы тұрақты болып қалды және 1 486 млн. теңгені (3 211) құрады. - Есептік тоқсанда абоненттік база 8 053 мың қолданушыға артты (7 992). цитата соңы - Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_300421_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_300421_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-04-30]