/KASE, 29.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап "Лизинг Групп" АҚ
(Алматы) KZ2C00006369 (KASE балама алаңы, "коммерциялық
облигациялар" санаты, LZGRb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 01.04.21 –
27.12.21; actual/365) облигацияларымен сауда-саттық ашылады:
Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға
белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның
"таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген –
қазақстандық теңге.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/bonds/show/LZGRb1/ мекен-жайы
бойынша жарияланған.
[2021-04-29]