"First Heartland Securities" АҚ "деривативтер" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды

29.04.21 11:00
/KASE, 29.04.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 28 сәуіріндегі шешімімен "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) "деривативтер" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды. Осы санат бойынша мүшелік ету туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықтарға қатысуға құқық береді. [2021-04-29]