/KASE, 29.04.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2021 жылдың 29 сәуірінен бастап "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-
Сұлтан) KZ2P00007362 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты,
THLZb4; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 21.04.21 – 21.04.25; тоқсандық купон,
жылдық 16,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылады.
Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға
белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның
"таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген –
қазақстандық теңге.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/bonds/show/THLZb4/ мекен-жайы
бойынша жарияланған.
[2021-04-29]