"Қазақстан Даму Банкі" Қазақстандағы 2020 жылғы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі туралы хабарлады

28.04.21 16:34
/KASE, 28.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 27 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... ҚР-дағы жастар жұмыссыздығы соңғы 10 жылда ең төменгі мәнге ие. 2020 жылы Қазақстандағы жастар (15-28 жас аралығындағы) жұмыссыздығының деңгейі он жылдық кезең ішінде ең төменгі мәнге жетіп, 3.6%-ға дейін қысқарды. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Ақтөбе облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша – 1,5%, екінші орынды Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары 2,4% иеленді. Өз кезегінде, Алматы қаласы (5,5%), Нұр-Сұлтан қаласы (4,7%) және Солтүстік Қазақстан облысы (4,4%) 15-28 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңірлерге жатады. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_270421_1.pdf [2021-04-28]