28 сәуір Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын KZKD00000881, MUM084_0017) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

28.04.21 16:22
/KASE, 28.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000881, MUM084_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 99,3392 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,75%) белгілеп, 6 456 972 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номналдан 99,4086 % (кірістілігі – жылдық 9,72 %). KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 56,4% құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 6 568 731 336,3 теңге. KASE сауда-саттық жүйесінде сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру кейінірек жарияланады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000881, MUM084_0017)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1458135/ мекен жайында жарияланды. [2021-04-28]