"KEGOC" АҚ акционері 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

28.04.21 15:44
/KASE, 28.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Нұр-Сұлтан) жалғыз акционерінің 2021 жылдың 27 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Акционерлері келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2020 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған жылдық қаржылық есебі бекітілсін; - 2020 жылға компанияның таза табысынан 73,9653757314725 % құрайтын, 53 465 271 000 теңге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұрын төленген дивидендді шегергенде 19 502 495 736,10 теңге дивиденд төлеуге жіберілсін; - қалған 13 919 482 419 теңге компанияны дамытуға жұмсалсын; - 2020 жылға дивиденд көлемі компанияның бір жай акциясына – 75,01 теңгені құрады; - 2020 жылға қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы компания акционерлерінің тізімі 2021 жылдың 11 мамырында 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бойынша тіркелсін; - 2020 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлеу күні – 2021 жылдың 12 мамыры. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_annual_shareholders_meeting_results_270421_3037.pdf мекен-жайында жарияланған. [2021-04-28]