"Қазақстан Даму Банкі" АҚ жалғыз акционері 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

27.04.21 11:14
/KASE, 27.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2021 жылдың 22 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - банктің 2020 жылға шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі бекітілсін; - банктің 22 369 842 216,00 теңге көлеміндегі 2020 жылға таза табысы бөлінбесін; - банктің 100 % таза табысы банктің иелігінде қалсын; - 2020 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_decision_sole_shareholder_220421_2009.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2021-04-27]