26 сәуір Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

26.04.21 16:39
/KASE, 26.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-084 1-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 99,9811 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,40%) белгілеп, 3 992 318 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 73,4% құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 4 007 710 160,3 теңге. KASE сауда-саттық жүйесінде сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы) аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүргізілді. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1457932/ мекен жайында жарияланды. [2021-04-26]