Биржалық симулятор: 01 сәуірден 22 сәуірге дейін сауда-саттық көлемі 2,8 млрд теңгеге жетті
23.04.21 11:02
/KASE, 23.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 01 сәуірінен 22
сәуіріне дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған
"Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде.
Байқаудың бір аптасы аралығында (01 -22 сәуірі аралығында) сауда-саттық
көлемі 2 829,6 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 176,8
млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2021 жылдың 01 сәуірінен 22 сәуірі аралығында жасалған
мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- -----------------
BAST 63 13 502 498,10
CCBN 296 56 257 622,23
FFIN_or 191 57 075 451,08
GB_KZMS 789 470 157 463,26
HSBK 538 233 444 522,23
IE_FXBF 158 47 861 072,53
KCEL 268 80 815 987,27
KEGC 223 34 934 722,74
KZAP 822 518 026 541,28
KZTK 475 216 087 351,10
KZTO 449 111 972 131,61
NL_YNDX 224 108 645 972,32
RU_AFLT 180 63 391 780,01
RU_GAZP 296 59 738 198,08
RU_NLMK 162 46 502 960,96
RU_RTKM 84 6 743 402,41
RU_SBER 366 79 629 310,86
RU_UKFFipo 166 11 309 954,06
RU_VTBR 89 5 317 945,44
US_AAPL 400 191 647 269,88
US_BAC_ 300 89 640 146,97
US_FRHC 321 135 985 797,11
US_INTC 122 33 510 120,41
US_KO__ 107 18 790 403,92
US_PFE_ 131 29 694 021,94
US_SPY_ 171 70 114 403,81
US_XOM_ 153 38 803 543,06
------------ --------- -----------------
7 544 2 829 600 594,67
----------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 532 және 799 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 40-тан астам оқу
орындарының 1 803 студенті тіркелді.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2021-04-23]