"Кредит Time" шағын қаржы ұйымы" ЖШС қатысушылары жарғылық капиталын 87 690 000 теңгеге арттырғаны туралы шешім қабылдады

22.04.21 11:23
/KASE, 22.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кредит Time" шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Ақтөбе) қатысушыларының 2021 жылдың 14 сәуіріндегі жалпы жиналысының шешімімен жарғылық капиталын 87 690 000 теңгеге арттыру туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Осы ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/MFKT/mfkt_special_participants_meeting_results_140421_04211.pdf [2021-04-22]