"ҚазТрансОйл" АҚ 2021 жылдың бірінші тоқсанына өндірістік нәтижесі туралы хабарлады

21.04.21 18:22
/KASE, 21.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2021 жылдың 21 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: ... «ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылдың I тоқсанындағы өндірістік қорытындыларды шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке 10 млн 238 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 272 мың тоннаға аз. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен жеке мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 656 млн тонна-шақырымды құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас көрсеткіштен 322 млн тонна- шақырымға аз. «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 10 млрд 667 млн тоннашақырымды құрады, бұл 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 70 млн тонна шақырымға аз. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші деңгейінде сақталып, 4 млн 69 мың тонна мұнайды құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына 1 млн 182 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 1 млн 347 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына 1 млн 391 мың тонна, «CASPI BITUM» БК» ЖШ-ге 150 мың тоннаға жеткізілді. Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_210421_kz.pdf жарияланған. [2021-04-021