21 сәуір Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын KZKD00000899, MUM084_0017) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

21.04.21 16:17
/KASE, 21.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM084_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 94,8372 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,20%) белгілеп, 10 267 474 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 94,8935 % (кірістілігі – жылдық 10,19 %). KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 71,4 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 9 858 674 025,9 теңге. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM084_0017)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1457607/ мекен жайында жарияланды. [2021-04-21]