"Ауыл шаруашылығын дамыту қоры" АҚ "Semey Bus" - пен жағдайын түсіндірді

20.04.21 17:17
/KASE, 20.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресм тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын дамыту қоры" АҚ (Нұр- Сұлтан) 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап, келесі мазмұндағы ақпараттық хабарламаны ұсынды: ... Автобус тасымалдарын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2018 жылы «Семей қаласының қоғамдық көлігін жаңарту» лизинг мәмілесін қаржыландырды. Тасымалдаушы «Semey Bus» ЖШС-ға әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсету үшін 170 автобус берілді. Жобаны іске асыру барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизинг төлемдерін төлеу мерзімдерін ауыстыруды ұсыну арқылы тасымалдаушыға қолдау көрсетті, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына және жолаушылар тасымалының шектеулеріне байланысты жобаны қайта құрылымдау мақұлданды. «Semey Bus» ЖШС қайта құрылымдау шарттарын орындамады және өзіне қабылдаған міндеттемелерді бұзуға жол берді: 2020 жылғы қаңтардан бастап лизинг алушы тарапынан берешек қалыптасты (ағымдағы жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша: 1,5 млрд. теңге сомасында 451 күнтізбелік кешіктіру); 2020 жылдың қыркүйегінен бастап лизинг нысаналары мен кепіл заттары сақтандырылмады; 2019 жылға аудиттелген қаржылық есептілік ұсынылмады; 2020 жылға арналған лизинг нысаналары мен кепіл заттарын қайта бағалау ұсынылмады. «Semey Bus» ЖШС көшпелі мониторинг барысында анықталған автобустардың техникалық ақауларын жоймады. Бүгінгі таңда 170 автобустың 113-і ғана бағдарларға шығады, 40 автобус ағымдағы жөндеуді, 17-сі жөндеуді қажет етеді, оның ішінде 10 жөндеу – жол- көлік оқиғаларына байланысты. Қаржылық шығындарды азайту және автобус паркінің техникалық жағдайының одан әрі нашарлауына жол бермеу мақсатында 2021 жылғы 15 сәуірде «Семей қаласының қоғамдық көлігін жаңарту» лизинг мәмілесі бойынша экономикалық дефолт жарияланды. Қазіргі уақытта заңнамаға сәйкес дефолт рәсімін орындау шеңберінде қарызды өтеу және Семей қаласының жолаушыларын тасымалдау үшін автобустарды одан әрі пайдалану мәселелерін реттегенге дейін автобустарды алып қою бойынша шаралар жүргізілуде. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Баспасөз қызметі ... [2021-04-20]