19 сәуір күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

19.04.21 16:41
/KASE, 19.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕККАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 96,6434 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,60%) белгілеп, 18 750 896 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 96,6434 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,58 %). KASE мәліметтері бойынша сұраным ұсынымнан 145,1 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 18 468 503 094,3 теңгені құрады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1454020/ мекен жайында жарияланды. [2021-04-19]