16 сәуір Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын KZKD00000881, MUM084_0017) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

16.04.21 16:22
/KASE, 16.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000881, MUM084_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 99,6931% деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,60%) белгілеп, 10 502 636 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номналдан 99,7126 % (кірістілігі – жылдық 9,59 %). KASE мәліметтері бойынша сұраным ұсынымнан 2,2 есе артып, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 10 683 088 623,9 теңге. Алматы уақытымен сағат 15:30 -дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000881, MUM084_0017)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1457309/ мекен жайында жарияланды. [2021-04-16]