Биржалық симулятор: 01 сәуірден 15 сәуірге дейін сауда-саттық көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті
16.04.21 11:25
/KASE, 16.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 01 сәуірінен 15
сәуіріне дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған
"Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде.
Байқаудың бір аптасы аралығында (01 -15 сәуірі аралығында) сауда-саттық
көлемі 1 624,0 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 135,3
млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2021 жылдың 01 сәуірінен 15 сәуірі аралығында жасалған
мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- -----------------
BAST 45 10 504 998,61
CCBN 235 44 149 117,99
FFIN_or 156 49 879 570,46
GB_KZMS 436 137 358 817,12
HSBK 358 112 094 913,39
IE_FXBF 109 29 094 862,95
KCEL 183 59 898 417,97
KEGC 156 23 579 442,35
KZAP 566 287 719 333,62
KZTK 340 132 473 539,23
KZTO 385 97 064 174,70
NL_YNDX 126 48 814 790,20
RU_AFLT 93 21 610 800,03
RU_GAZP 234 45 924 409,15
RU_NLMK 114 35 929 282,62
RU_RTKM 49 1 976 745,52
RU_SBER 314 76 393 577,60
RU_UKFFipo 138 10 930 907,07
RU_VTBR 61 2 809 578,33
US_AAPL 260 103 188 818,48
US_BAC_ 223 61 429 539,33
US_FRHC 227 95 734 927,97
US_INTC 91 27 450 271,15
US_KO__ 76 15 155 682,78
US_PFE_ 64 5 424 228,02
US_SPY_ 130 51 916 983,10
US_XOM_ 126 35 507 593,89
------------ --------- -----------------
Барлығы 5 295 1 624 015 323,63
----------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 282 және 295 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 40-тан астам оқу
орындарының 1 727 студенті тіркелді.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2021-04-16]