KASE ӨЗ САЙТЫНДА САУДА-САТТЫҚТАРДЫ ҚАРАУ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗДІ

16.04.21 11:03
/KASE, 16.04.21, 18.08.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) жеке тұлғалардың ақпараттық өнімдері мен қызметтеріне төлем жасаудың электронды әдісін енгізді. Қазіргі уақытта, www.kase.kz веб- сайтында нақты уақыт тәртіптемесінде сауда-саттықты көруге мүмкіндік беретін Web-Quotes ақпараттық өнімінің пайдаланушылары, пайдаланушының жеке кабинетіндегі төлем карточкасын пайдаланып, электронды түрде төлем жасай алады. Сонымен қатар, 2020 жылдың 20 тамызынан бастап қаржы құралдарымен сауда-саттық барысын тек жеке кабинеттен көруге болатындығын хабарлаймыз. Жеке кабинетке кіру үшін https://kase.kz/ru/account/login/ сілтемесінде авторизациядан өтуіңіз керек. Толығырақ ақпарат алу үшін mds@kase.kz мекен-жайына электрондық пошта арқылы немесе +7 727 237 053 22 телефоны арқылы хабарласа аласыз [2021-04-16]