"Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі 2020 жылға KZ0009093241 (KZTK) жай акциялары бойынша бір акцияға 1 730,88 теңге көлемінде дивиенд төлеуді ұсынды

15.04.21 18:08
/KASE, 15.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға 2021 жылдың 15 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Қоғамның Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (АЖЖЖ) 2020 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза табыстан 30% көлемінде, бір жай акцияға 1 730,88 теңге 63 493 359 мың теңге төлеуді ұсынды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімін тіркеу күні акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізгеннен кейін демалыс күні 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша тіркелген. Дивиденд төлеуді бастау күні – 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімін тіркеу күнінің ертесінде, бір айдың ішінде жүзеге асырылады. Дивиденд төлеу төлем агентін тартқан соң жүргізіледі – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ. Осы мәселе бойынша шешім2021 жылдың 30 сәуіріне жоспарланған, Қоғам акционерлерінің бекітуіне жатады ( https://kase.kz/ru/news/show/1455268/ ). ... Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_150421_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_150421_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-04-15]