16 сәуірден бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2C00007417 (BRKZb22) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

15.04.21 14:50
/KASE, 15.04.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссияның 2020 жылдың 09 сәуірінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр- Сұлтан) KZ2C00007417 (BRKZb22; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 20 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 0,15 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 16 сәуірінен бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/BRKZb22/ сілтемесі бойынша жарияланады. [2021-04-15]