"Bank RBK" Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.21 11:58
/KASE, 15.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 160 599 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана; - банктің 1 605 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 1 600 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,63% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,60%) бар. [2021-04-15]