Наурыз айында Биржада акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны 7,7 %- ға өсті

14.04.21 16:35
/KASE, 14.04.21/ – 2021 жылдың наурыз айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны алдыңғы айға қарағанда 7,7 % артты. Акциялардың брутто-айналымындағы жеке тұлғалардың үлесі 2021 жылдың ақпан айында ақшалай мәнде 47,6 %-дан 42,5 %- ға дейін артты. Наурыз айының аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 150 180 -ге жетті, бұл алдыңғы айдың соңына қарағанда 9 516 шотқа артқанын көрсетеді. Төмендегі кестеде KASE акциялармен сауда-саттыққа қатысушы жеке тұлғалардың ОД ашылған жеке шоттары санының динамикасы, осындай шоттардағы акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналысы, олардың осы айдағы акциялармен сауда-саттығының жалпы брутто-айналысындағы мәмілелер үлесі туралы ақпарат берілген. ----------------------------------------------------------------- 2020 ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы жылдың млрд теңге* брутто айы айналымдағы, %* ------ ---------- --------------- --------------- --------------- Қаңтар 136 685 5 262 7,5 52,7 Ақпан 140 664 5 554 6,1 42,5 Наурыз 150 180 5 982 6,0 47,6 ----------------------------------------------------------------- *арнайы мамандандырылған сауда-саттықты, ірі мәмілелерді қоспағанда. [2021-04-14]