"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.04.21 10:05
/KASE, 14.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана; - компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 10 445 774 жай акциясын және 2 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға К.Х.Рақышев болып табылады, оның меншігінде 12 690 589 162 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,85%) соның ішінде компанияның 12 560 928 493 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,85%) және 129 660 669 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 33,02%) бар. [2021-04-14]