"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
14.04.21 10:05
/KASE, 14.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана;
- компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты
акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 10 445 774 жай акциясын және 2 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға К.Х.Рақышев болып табылады, оның
меншігінде 12 690 589 162 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 95,85%) соның ішінде компанияның 12 560 928 493 жай акциясы
(компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,85%) және 129
660 669 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты
акцияларының жалпы санынан 33,02%) бар.
[2021-04-14]