"RG Brands" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.04.21 09:58
/KASE, 14.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 200 000 дана; - компанияның 3 452 730 жай акциялары және 789 500 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 1 440 466 жай акциясын және 789 500 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Қ.Қ.Мәжібаев болып табылады, оның меншігінде 1 944 771 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 96,65% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 45,84%) бар. [2021-04-14]