"RG Brands" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
14.04.21 09:58
/KASE, 14.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 200 000 дана;
- компанияның 3 452 730 жай акциялары және 789 500 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 1 440 466 жай акциясын және 789 500 артықшылықты акциясын
кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Қ.Қ.Мәжібаев болып табылады, оның
меншігінде 1 944 771 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының
жалпы санынан 96,65% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан
45,84%) бар.
[2021-04-14]