"Беңқала" Тау-кен Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.04.21 09:30
/KASE, 14.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Беңқала" Тау-кен Компаниясы" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 10 000 000 дана; - компанияның 5 500 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға В.В.Джуманбаев болып табылады. [2021-04-14]