"First Heartland Securities" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.04.21 09:30
/KASE, 14.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Securities" АҚ ("First Heartland Securities" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 54 000 000 дана; - компанияның 8 433 359 жай акциялары орналастырылған; - компания өзінің 149 486 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға JYSAN TECHNOLOGIES LTD болып табылады, оның меншігінде 8 283 873 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 98,23%) бар. [2021-04-14]