"Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.04.21 09:29
/KASE, 14.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ ("Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 800 000 дана; - компанияның 2 578 745 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Т.Р.Турлов болып табылады. [2021-04-14]