24 мамырда "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

13.04.21 17:36
/KASE, 13.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы көшбасшы операторы болып табылатын "Кселл" АҚ (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Компанияның Директорлар кеңесі 2021 жылдың 24 мамырында сағат 15:00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әлімжанов көшесі, 51 мекен-жайында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 14:00-де. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы бетпе-бет жүздесу арқылы өткізіледі. Егер аталмыш жиналыс белгіленген күні өткізілмесе, онда 2021 жылдың 28 мамырына Алматы уақытымен сағат 15:00-ге ауыстырылады. Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға Орталық депозитарийде 2021 жылдың 30 сәуіріндегі (Алматы уақытымен сағат 00:00) жағдай бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлердің құқығы бар. Жиналыс өтуі туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында: •https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_annual_shareholders_meeting_info_240521_3173.pdf – орыс тілінде; •https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_meeting_info_240521_eng.pdf – ағылшын тілінде жарияланған. [2021-04-13]