15 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Қаражыра" АҚ KZ2C00007144 (KZHRb1) облигацияларының сауда-саттықтары ашылды

13.04.21 15:14
/KASE, 13.04.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 13 сәуірінде "Қаражыра" АҚ (Семей) KZ2C00007144 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, KZHRb1; 1 000 тенге, 20,0 млрд тенге; 10 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 14,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда- саттық ашылды. Аталмыш облигациялардың баға белгілеу дәлдігі KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу валютасымен көрсетілген, облигациялардың "таза емес" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/KZHRb1/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2021-04-13]