"Қаражыра" АҚ акционерлері компнаияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады және 2020 жылға компанияның аудитін жүргізуге "Эрнст энд Янг" ЖШС анықтады

13.04.21 11:55
/KASE, 13.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қаражыра" АҚ (Семей), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерінің кезектен тыс жылдық жалпы жиналысындағы 2021 жылдың 29 наурызындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, сондай-ақ шешім қабылдады: - компанияның 2018 – 2019 жылдарға бөлінбеген таза табысыесебінен бөлу тәртібі бекітілсін: 2019 жылға жұмыс қорытындысы бойынша 65 388 000 теңге және 2018 жылға жұмыс қорытындысы бойынша 5 434 612 000 теңге, барлығы дивиденд төлеуге 5 500 000 000 теңге, 2019 жылға қалған таза табысын компанияның иелігіне қалдырылсын; - 2020 жылға компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізуші аудиторлық ұйым ретінде "Эрнст энд Янг" ЖШС белгіленсін. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_special_shareholders_meeting_results_290321_523.pdf [2021-04-13]