"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.04.21 09:29
/KASE, 13.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК ("Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 7 830 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2021-04-13]