"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.04.21 16:57
/KASE, 12.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 58 421 838 дана; - компанияның 57 937 775 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" болып табылады. [2021-04-12]