"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
12.04.21 11:50
/KASE, 12.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Нұр-Сұлтан, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 68 483 587 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға АО "КАЗТРАНСГАЗ" болып табылады.
[2021-04-12]