"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.04.21 10:59
/KASE, 12.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана; - банктің 2 109 590 жай акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2021-04-12]