Охонов Ф.Р. "Halyk Finance" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

09.04.21 10:36
/KASE, 09.04.21/ – Үлеспұлдары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, аралық үлеспұл инвестициялық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада - "Halyk Finance" АҚ), өзінің жалғыз акционерінің 2021 жылдың 07 сәуіріндегі шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып Охонов Ф.Р. сайланғаны туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Енгізілген өзгертулерді ескерумен, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы төрт адамнан тұрады: Дунаев А.Г., Джолдасбеков А.М., Салимов Е.И., Охонов Ф.Р. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_board_changes_070421_220.pdf [2021-04-09]