07 сәуір күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 12-ші шығарылымын (KZKD00000840, MUM180_0012) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

07.04.21 16:18
/KASE, 07.04.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 12-ші шығарылымын (KZKD00000840, MUM180_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді бағаны 84,9658 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,35%) белгілеп, 3 317 233 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. 0,09%). KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 73,4 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 2 863 097 167,8 теңге. Алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жйүесінде аталмыш бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 12-ші шығарылымын (KZKD00000840, MUM180_0012)" орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1456334/ мекен жайында жарияланды. [2021-04-07]