"Қазақстан Даму Банкі" АҚ банктің Директорлар кеңесінің отырысын жаңа құрамдағы отырысы өтті

02.04.21 21:49
/KASE, 02.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан, әрі қарай цитатада - Банк) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 02 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Ағымдағы жылдың 12 наурызынан бастап Банктің сандық құрамы 7 адамнан тұратын Директорлар кеңесі мүшелері өкілеттіктерінің жаңа мерзімі 3 жылға белгіленеді. Банктің Директорлар кеңесінің құрамына Антонио Сомманы алмастырған Тәуелсіз директор ретінде Ғани Өзбеков қосылды. Ғани Өзбековтің қаржы және халықаралық даму саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Осылайша, ҚДБ Директорлар кеңесінің құрамы: 1) Айдар Әбдіразақұлы Әріпханов – Жалғыз акционердің өкілі; 2) Қарағойшин Рустам Тимурович – Жалғыз акционердің өкілі; 3) Нұрғожин Әділ Ерғалиұлы – Жалғыз акционердің өкілі; 4) Марсия Элизабет Кристиан Фавале– Тәуелсіз директор; 5) Сайденов Анвар Галимуллаұлы – Тәуелсіз директор; 6) Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы– Тәуелсіз директор; 7) Сарқұлов Абай Серікұлы – ҚДБ акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы құрамында айқындалды. «Жаңартылған құрамдағы Директорлар кеңесінің отырысы тиімді өтті, біз күн тәртібіндегі барлық мәселелерді жан-жақты қарастырып, талқыладық. Ғани Өзбековтің ҚДБ командасына келуімен отандық ірі бизнеске жәрдемдесудегі межені арттыра аламыз деген сенімдемін», - деп атап өтті ҚДБ басшысы Абай Сарқұлов. Банктің Директорлар кеңесінің отырысында Банктің бір жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін алдын ала бекіту, Даму банкінің еншілес ұйымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жылдық қаржылық есептілігін бекіту, қарыз алу саясатына өзгертулер мен толықтырулар енгізу сынды және т. б. мәселелер талқыланды. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_020421_2.pdf [2021-04-02]