"Марганец Жайрема" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

02.04.21 11:08
/KASE, 02.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Марганец Жайрема" АҚ ("Марганец Жайрема" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ болып табылады. [2021-04-02]