"Қазақстан Даму Банкі" АҚ банктің Директорлар кеңесінің жұмысын автоматтандыру жөнінде хабарлады

01.04.21 20:24
/KASE, 01.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан, әрі қарай цитатада - Банк) Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Енді ҚДБ Директорлар кеңесінің мүшелері корпоративтік басқарудың жаңа қағидаттарына сәйкес веб-технологияларға толығымен құрылған бизнес- процесті басқарудың заманауи жүйесін пайдаланады. Ол Қазақстан Республикасының резиденті емес тәуелсіз директорларға ресми құжаттарды нақты уақыт режимінде жер шарының кез келген нүктесінен дауыс беру, бекіту және келісу рәсімдері кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалануға мүмкіндік береді, бұл өнімділікті елеулі дәрежеде арттырады, жұмысты жеңілдетеді және алқалы органның шығыстарына арналған қаражатты үнемдейді. Ірі компаниялар мен ұйымдардың тиімділігі көбінесе құрылған бизнес- процестердің оңтайлылық деңгейіне байланысты. Қазақстанның Даму Банкінде (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) ішкі ақпараттық кеңістік пен IT инфрақұрылым толығымен жаңғыртылды. Lean management-a енгізу курсы немесе үнемді өндіріс әдістері уақыт пен ресурстарды үнемдей отырып, өнімділікті арттыру үшін 2019 жылы қабылданды. Бүгін нәтиже көрініп тұр – ҚДБ Директорлар кеңесінің отырысы алғаш рет BPM Simbase жүйесінде өтті. Банк өкілдерінің айтуынша, отырыстар мен кеңестерді жоспарлау, материалдар жіберу, сондай-ақ дауыс беру нәтижелерін, шешімдер хаттамаларын және басқа да туындайтын құжаттарды тіркеу әлдеқайда жеңіл болды, өйткені жүйеде олар автоматты түрде қалыптастырылып, алқалы органдардың мүшелеріне басты нәрсеге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған жүйе қатысушыларға материалдарды бір мезгілде орыс және ағылшын тілдерінде қарауға алуға, отырыстардың күн тәртібі бойынша орналастырылған материалдармен танысуға, сондай-ақ сұрақтар болған кезде оларды бастамашыға дереу жазуға, қосымша ақпаратқа сұрау салуға немесе ұсынылған құжаттар топтамасын пысықтауға жіберуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мұндай fвтоматтандыру жүйесі нақты уақыт режимінде күн тәртібі бойынша дауыс беруге мүмкіндік береді, содан кейін бағдарлама Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоса алғанда, әрбір қатысушының электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) тани отырып, отырыс хаттамасынан шешімнің үзінді көшірмесін автоматты түрде қалыптастырады және оны шешімнің QR-коды, қосымшалары бар мәселенің бастамашысына жібереді. Мұндай функция бірінші кезекте мәселе бастамашысы үшін үлкен артықшылық болып табылады, өйткені ол одан әрі іс-шаралар үшін хаттама шешімінен үзінді алуға мүмкіндік береді. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_010421_1.pdf [2021-04-01]