Банк ВТБ (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ "Кселл"АҚ несие желісін 1,0 млрд теңгеге арттырғаны жөнінде хабарлады

01.04.21 20:20
/KASE, 01.04.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 01 сәуірінде төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор болып табылатын «Кселл» АҚ пен Банк ВТБ (Қазақстан) кредит лимитін 6 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Кредит желісінің мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жылдық 10,7% мөлшеріндегі сыйақы төлеумен ескерілген. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсамақ. - Кредит желісін ұлғайту – бұл Банк пен «Кселл» АҚ арасындағы үш жылдық табысты серіктестіктің тамаша мысалы. Біз серіктесіміздің өз желісін дамытуға қаражат салу ниетін құптап, алдағы жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары, Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма мүшесі Арман Мангитов. «Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу, сондай-ақ деректерді табыстау қызметтері, соның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS) ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылған: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания Қазақстан Республикасының барлық дерлік аумағын қамтитын өзінің жоғары сапалы мобильді байланыс желісі арқылы қызмет көрсетеді. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_010421_1.pdf [2021-04-01]