30 сәуірде "Алматытемiр" АҚ KZ2C00001493 (ALTMb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болып өтеді

01.04.21 15:02
/KASE, 01.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алматытемiр" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 30 сәуірінде KZ2C00001493 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, ALTMb1) облигацияларын ұстаушылардың сырттай дауыс беру арқылы жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіне енгізілген мәселе облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы. Аталмыш жиналыс туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/ALTM/altm_reliz_300421.pdf мекен-жайында жарияланған. [2021-04-01]